Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диана Шарапова: Паранжа кигендерден құлдың балалары өсіп шығады

Жуырда Әлішер Кәрімов желі арқылы ваннада түскен суретін бөліскен-ді. Аталған сурет оның тыңдармандарын шулатты. Жұрт мұны әдепсіздікке балап, түрлі жағымсыз пікір білдірді. Десе де, әншінің бұл қылығын Диана Шарапова қолдап отыр.

13712788_1798469443742127_1164138680_n

Фото: instagram.com/dianasharapova_official/

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Биыл Диана отбасымен бірге Самуи аралында демалып келді. Осы кезде оқырмандарымен демалысының қызықты сәттерін ғана емес, ашық-шашық түскен суреттерін де бөлісті. Леди Гага мен Сергей Зверевтен эпатаж жасаудың қыр-сырын меңгерген әнші мұнымен шектелген жоқ. Ол тыңдармандардың назарын аудартудың елде жоқ тәсілін ойлап таптты. Хит ән жазудың орнына, бейнебаяндарында шешінуді жөн көрді. Болмысы бөлек қазақ қоғамы мұндай кадрлардан соң жағасын ұстады.

“Соңғы бейнебаянымда мен тек су киімімен түстім. Сіз бассейінге барасыз ба? Сіз ол жерге халатпен түсесіз бе? Жоқ, әрине. Сіз де су киімін киіп барасыз. Бұл жазғы көңіл-күй туралы бейнебаян болғандықтан, осылай болды. Субұрқақ туралы айтып тұрып субұрқақты көрсетуге міндетті емеспіз. Оны екілік бағамен оқыған режиссерлер ғана жасауы мүмкін. Әлгі бейнебаянға сақа, шар, теннис сынды дүниелерді пайдаландық. Себебі, мұның барлығы жазғы ойындарды еске түсіреді. Әннің мәтінінде “Мені дельфиндер жүретін жерге алып бар” деген жол бар. Мені ол жаққа тон немесе паранжа киігізіп алып бармайтын шығар?! Біз зайырлы мемлекетпіз.

Қазақ әйелі әрдайым бостандық сүйгіш, батыл әрі білімді болған. Тек осындай әйел ғана нағыз ер жігітті тәрбиелеп шығады. Егер біз паранжа киер болсақ, мұндай жігіттерді тәрбиелеп шығармаймыз. Олардан құлдың балалары өсіп шығады. Ал бізге батыл жігіттер керек. Баланы көбінесе әйелдер тәрбиелейтінін де ескерейік. Менің су киімімен жүргенімде көргілеріңіз келмесе, бассейінге келмеңіздер. Себебі, ол жерде мен жүруім мүмкін. Екінішіден, жалынып сұраймын, менің бейнебаяндарымды көргілеріңіз келмесе, теледидарды сөндіріп тастаңыздар”, – дейді Диана Шарапова.

Әнші осы уақытқа дейін Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында баласын қалай тәрбиелеп жатқанын айтқан-ды. “Жеке тәжірибемде мұндаймен бетпе-бет кездескен емеспін. Оның үстіне ұлым жаңадан үш жасқа толып отыр. Баламның мұндай жаман мазмұндағы фильмдерді қарауға уақыты да жоқ. Себебі, аптасына 3 рет ағылшын тілінен және 3 рет қазақ тілінен сабақ оқиды. Білесіз бе? Баланың тәрбиесімен айналысу үшін көп ақшаның қажеті жоқ. Мысалы, менің әкем қарапайым құрылысшы, ал анам ұстаз болды.

Әкем жұмыстан шаршап келсе де, менімен шахмат ойнап, бірге отырып сөзжұмбақ шешетін. Ал анам әнді дұрыс айтуымды қадағалайтын. Осы секілді үйірмеге қатыстыруға ақшаңыз болмаса, саябаққа алып шығып серуендеңіз. Велосипед айдауды үйретіңіз. Қасында отырып кітап оқыңыз. Баланың тәрбиесімен айналысу керек. Оны өз бетімен жіберіп қоюға болмайды. Ата-аналарға интернетті сөндіріп қоюға кеңес берер едім”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Дизайнер Жадо күйеуіне өзге әйелдермен жүріс жүруіне рұқсат бергенін айтты

Жазира: Жанболаттан таяқ жедім. Өзімнің тілімнен таптым

Нұржан Керменбаев ұлының тұсауын кесіп дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Адамбай кино залында аяғын көтеріп отырған ересек әйелдің мәдениетсіздігіне ашынды

Талқылау