Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ди Каприо барыстарды қайтарып жатқаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

Голливудтік актер Леонардо Ди Каприо Қазақстанның тұран барыстарын қайтару туралы бастамасына қатысты және түз аңдарының тіршілік ететін Іле-Балқаш өңірі туралы пікір білдірді.

Бұл туралы ол Инстаграмдағы парақшасында жазады.

“Сіздер естіңіздер ме? Жарты ғасыр бұрын жоғалып кеткен барыстарды Орта Азияға қайтаратын тұңғыш мемлекет – Қазақстан болмақ. Олар бір кездері шығыс Түркиядан Бали аралдарына дейінгі аралықта мекендеген. Алайда олардың саны сол уақыттан бері 90 пайызға дейін қысқарған.

Қазақстанның барыстарды қайтару туралы бастамасы жабайы табиғатты қорғауға серпін беріп, Tx2 мақсатына өз үлесін қосады”, – деп жазады Ди Каприо.

Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов барыстарды Қазақстанға қайтаруға уәде еткен болатын. Алдын ала бағалау бойынша, Қазақстан бұл шара үшін 50 миллион доллар жұмсайды.

Оқи отырыңыз:

Қарағандыдағы мектептердің бірінде 4-ші сынып оқушылары сабаққа барудан жапппай бас тартып жатыр

Елімізге танымал жазушылар латын әліпбиінің нұсқасына қарсы шықты

Ақтөбеде бейітті бизнеске айналдырмақ болғандардың басы бәлеге қалды

Елімізде бензин тағы қымбаттады

Талқылау