Депуттатық мандатынан айырылған Қайрат Құдайбергенді сот тағы бір ай қамауда қалдырды
Алматы соты сәуірде Қаңтар оқиғасына байланысты қамалған Қайрат Құдайбергеннің қамау мерзімін тағы бір айға созды. Бұған дейін оны Алматы қалалық мәслихаттағы депутаттық мандатынан айырған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
21 шілдеде Алматы тергеу соты оның қамау мерзімін 21 тамызға дейін дейін созу туралы қаулы шығарды.
Осы аптада Қайрат Құдайбергеннің Алматы мәслихаты депутаты мандатынан айырылғаны да белгілі болды. Оны "Аманат" партиясынан шығарғаны жайлы да хабарланды. Қайрат Құдайберген 2021 жылы Алматы қаласы мәслихатының депутаты болып сайланған.
- "Көбі шыдамай, жасамаған қылмыстарын жасадым деп мойындауға мәжбүр болады": Қайрат Құдайберген тергеу изоляторындағы сұмдық жайттардың бетін ашты
- "Әкемді жіберіңіздерші": Қайрат Құдайбергеннің отбасы Тоқаевқа ашық үндеу жолдады
Бұған дейін экс-депутаттың қамау мерзімі екі рет ұзартылған.
Экс-депутаттың ұсталғаны 22 сәуірде белгілі болған. Алматы прокуратурасының мәлімдеуінше, Қаңтар оқиғасы кезінде Құдайберген қамауда отырған "Дикий Арман" атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің жанында болған, "Қазақстан" қонақ үйіне адамдарды жинап, "жаппай тәртіпсіздікке қатысқан". Қаңтар оқиғасы кезінде түсірілген видеолардан Құдайберген мен Жұмагелдиевтің жүргендері байқалады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
