Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттың ұлы Аслан Жақыпов Бишімбаевтың былығын жасырмай жайып салды

Бишімбаевтің ісі бойынша сот алдында жауап беріп жатқан Аслан Жақыпов кінәсын мойындап, қылмыстық жүйеге қалай кіргенін айтып берді, деп хабарлайды КТК.

Фото: Болат Шайхинов

“Бәйтерек Девелопмент” төрағасының орынбасары бола жүріп ол, “Нұрлы жол” бағдарламасы бойынша салынған үйлерді қабылдаған.

Жақыповтың сөзінше, ол құрылыс компанияларынан жылу жинапты. Ал пара алу жүйесі, менің келуіме дейін, сол кездегі «Бәйтерек» холдингінің басшысы Қуандық Бишімбаев пен тікелей бастығы Бақыт Жақсыбаевтың ұйымдастырумен жұмыс істеп тұрған дейді. Бұл жүйені олар өзара «біздің іс» деп атапты.

Іске кіріскеннен кейін Аслан Жақыпов бір ғана құрылыс компаниясының өзінен 45 млн теңге пара алып оны өзара 5 адамға бөліп алған. Қуандық Бишімбаев та үлесте болды дейді. Алайда ол сөздерін ешбір құжатпен айғақтай алмады. Айта кетсек, Аслан Жақыпов Мәжіліс депутаты Қабиболла Жақыповтың ұлы. Ал Бишімбаевтің өзі 370 миллион пара алды, 1 миллиард теңге бюджет ақшасын жымқырды деп айыпталып жатыр.

“Менің түсінуімше, сіздің бүгінгі мәлімдемелеріңіздің жазбаша, құжат күйіндегі дәлелі жоқ қой? Яғни табиғатта жоқ. Қылмыстық істің материалдарында да кездестірмейміз. Бишімбаевқа 20 пайыз деген бір де бір хат, қағаз жоқ”, – дейді күдікті Қуандық Бишімбаев.

Тағы да оқыңыз:

Тоқмәдидің тікелей кінәсі бар: Бишімбаевтың әйелі сотта мәлімдеме жасады

Қытайда қамауда отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры жаңа жылға дейін шешіледі

Спорттан шеттетілген Илья Ильин 2020 жылы Олимпиадаға қатысуы мүмкін

Талқылау