Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Депутаттықты тастап, Ресейге көшті": Талдықорғандық депутаттың Қазақстаннан кететіні рас па?

Талдықорған қалалық мәслихат экс-депутаты Никита Шведин оның Ресейге көшу туралы ақпараты шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өткен аптада кейбір отандық және шет елдік БАҚ өкілдері Никитаның өзінің депутаттығын қойып, Ресейге көшетіні туралы жазған болатын. Stan.kz тілшісі Шведен мырзамен хабарласып, оқиғаның шынайы мән-жайын анықтады.

"Мен ешқайды кетпеймін, Талдықорғанда ерікті ретінде өз қызметімді жалғастырамын. Депутаттықтан кеткенім туралы сөйлескім келмейді. Ресейгеде, басқа мемлектттерге де көшпейтінмді ресми мәлімдеймін" - деді экс-депутат. 

Жақында тараған ақпаратта Никитаның кететінін талдықорғандық мәслихат растады деп жазылды. Одан бөлек, мәслихатта тағы бір шенеуніктің кететінін мәлімдеген.

Айта кетейік, Никита Шведин қалалық мәслихат депутаты ретінде 2023 жылдың наурыз айында қызметін бастаған. Оған дейін ол еріктілікпен айналысып, Талдықорғанда "Lider.kz" атты волонтерлік ұйым ашқан.

 

Талқылау