Депутаттар зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алуды ұсынды
Парламент депутаттары кеше зейнетақы қорының тағдырын сөз етті. Халық қалаулылары тұрғындардың қордағы қаражатты мерзімінен бұрын алуына мүмкіндік беру керек дейді.
Бұл туралы “Евразия” арнасы хабарлайды.
Зейнетақы қорындағы қаражатты алған жұртшылық оны оқуға, емделеге, несиесін жабуға жұмсар еді деп отыр. Әрине, бұл ретте қорда белгілі бір мөлшерде ақша қалу керек дегенді айғақтайтын шектеу де қатар енгізілуі тиіс. Ол ақша зейнетке шыққаннан кейін беріледі.
“Мен толыққанды орта деңгейден де жақсы өмір сүру үшін актуарийлік есепті санап беріңіздерші. Қалғандарын алып тастауға рұқсат беріңіздер”, – дейді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова.
Сонымен қатар, мәжілісмендер кәсіпкерлерге салынатын тұрақты салық туралы мәселені де айналып өтпеді.
“Біз жұма күні азаматтармен кездесіп, өңірлерден келдік. Сонда кәсіпкерлер 2016 жылы салық органдары тарапынан тексеріс қатты болғанын айтып шағымданды. Өткен жылдың 11 айында бюджетке әкімшілік айыппұл, өсім, санкция, салық бәрін қосқанда 6,2 миллиард теңге түскен. Бұл 2015 жылмен салыстырған бір жарым есеге көп. Бүгін менің әріптесім мұндай нәтижені тәуелсіз Қазақстан тарихында әлі естімегенін айтты”, – деді депутат Аманжан Жамалов.
Оқи отырыңыз:
Депутат Жамалов ХҚКО-да қаза болған ер адамның туыстарынан кешірім сұрады
Алты баласын қараусыз қалдырып кеткен ана: Мен оларды тастаған жоқпын
Алматыда шетелдік қонақтарды қабылдайтын караоке атын жамылған секс-орталық жұмыс істеген
Мұхтар Шаханов шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарды азаматтықтан шығаруды ұсынды