Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттар студенттердің тұрғын үй жалдау ақысын субсидиялауды ұсынды

Елімізде жоғары оқу орындарында оқитын 61 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж. Парламент депутаттары да үкіметке студенттердің пәтер жалдау ақысын субсидиялауды сұрап ұсыныс айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстанда студенттік жатақхана тапшылығы өзекті мәселе болып табылады. Мәселен, Ғылым министрлігінің болжамы бойынша қазір 30 мыңнан астам студентке орын жетіспейді. Бір ғана астананың өзінде 15 мың орын жетіспейді. Өңірлердегі жағдай тіпті қиын.

“Ақмола облысы, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары тізімде бар. Қазіргі таңда Университеттер жатақханалардан 20 мыңнан астам орын дайындады. Және бұл модель жақсы жұмыс істеп тұр. Болашақта бизнес көмектеседі деп сенеміз”, – дейді Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорғаныс министрлігі Комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан.

Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар бұл мәселенің бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқанын, өзі де студент кезінде осындай жағдайға тап болғанын жасырмайды. Өткен көктемде мәжіліс депутаты жастарға жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға қаржы бөлуді қолға алуды ұсынған болатын.

“Сұраныс қорытындысы бойынша келесі оқу жылынан бастап 2500 мыңға жуық студент жалдамалы баспанаға субсидия алады деген жауап алдық. Бұл үшін шамамен 2 миллиард теңге қарастырылған”, – дейді азақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ислам Сұңқар.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің есебіне сәйкес, бұл студенттер бір жыл ішінде мемлекеттен 20 АЕК (60 мың теңге көлемінде) алады.

Көмектің бұл түрі жетімдер мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға берілмек. Бұл ақшаның баспананы жалға алуға жететіні екіталай, бірақ жағдайы төмен студенттерге аз да болса көмек көрсетіледі, дейді депутаттар.

Жатақхана тапшылығы мәселесіне қайта оралсақ, тиісті басқарма жаңа нысандардың құрылысын аяқтап, оқу жылына дейін студенттерді 10 мыңнан астам орынмен қамтамасыз етуге уәде берді.

Талқылау