Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттар: Соңғы жылдары Қазақстанда мектеп жасында жүкті болып қалған қыздар саны күрт көбейген

Қазақстанда 2013-2016 жылдары 15-18 жастағы қыздар арасында жыл сайын 5,5 мыңға дейін жүктілік жайты тіркелген.

1185708 (1)

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Жасөспірімдерді зорлау және бірге тұру жайттары қоғамның назарына ілінген мәселелерге айналып отыр. Соңғы жылдардағы статистика адамның үрейін туғызбай қоймайды: 2013-2016 жылдары елімізде жыл сайын 15-18 жас аралығындағы 4,5-5,5 мың жасөспірім қыз жүкті болған”, — деді Божко мәжілістегі үкімет сағатында.

ҚР ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовтың ақпаратына жүгінер болсақ, полицияда 12 мың қолайсыз отбасы профилактикалық тіркеуде тұр, онда 16 мыңнан астам бала тұрып жатыр. Былтырғы жылы балалар тәрбиесі бойынша міндетін атқармаған 5,5 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Балаларға зорлық-зомбылық көрсету бойынша 44 жайт әшкереленіп, мыңнан астам адам ата-ана құқығынан айырылған.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық әйел өзін асқан хайуандықпен зорлаған қожайыны туралы айтып берді

Үлкен отбасының бес бірдей қызы зорланған

Шымкенттік әйел 60 жастағы көңілдесінің жалаңаш суреттерін пайдаланып ақша бопсалаған

Қазақ қызы Мысырдағы жігітіне қарызға берген 540 долларды қайтара алмай жүр

Талқылау