Депутаттар мұғалімдер мен дәрігерлерден басқа мамандық иелерінің де жалақысын көтеруді сұрады
Депутаттар әлеуметтік салада жұмыс істейтін көмекші және техникалық қызметкерлердің жалақысын көтеруді сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Парламенті мәжілісінің депутаты Мақсат Раманқұловтың айтуынша, елімізде кейінгі жылдары тек мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын көтеру мәселесі ғана қозғалып, басқа мамандық иелеріне жағдай жасалмай жатыр.
"Жыл сайын мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы 20-30 пайызға өсіп жатыр. Әрине мұның бәрі орынды. Біз дәрігер мен мұғалімнің жалақысын өсіріп жатқанына қарсы емеспіз. Бірақ осы секторлардың қатардағы қызметкерлері, яғни санитарлар, ассистенттер, еден жуушылар, жедел жәрдем жүргізушілері, мұражай, өнер, мектеп, балабақша, кітапхана, мұрағат саласындағы өзге де қызметкерлер олардың әріптестері үшін мемлекет жыл сайын жалақыны көбейтсе, ал сол салалардағы техникалық қызметкерлердің жалақысы көптеген жыл бойы өзгеріссіз қалады деген шағымдармен жиі жүгінеді", - деді ол мәжіліс отырысында.
Ол бірқатар мамандық иесінің жалақысының мөлшерін атап өтті.
"Жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы шамамен 70-75 мың теңге және бес жылдан аса уақыт бойы көтерілген жоқ, мектептер мен балабақшалардың техникалық қызметкерлерінің жалақысы - шамамен 50 мың теңге. Неліктен біздің осы саладағы мамандарымыз қиналуы керек, олардың да көптеген проблемасы бар емес пе, олар да біздің мемлекетіміздің азаматтары ғой?! Менің білуімше, осы азаматтардың 90 пайызының шағын несиелері бар, қарызға белшесінен батқан, шығармашылық туындыларын шығаруға қаражаты жоқ, Үкімет тарапынан нақты көмек те жоқ", - деді депутат.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
