Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттар журналистерге ЛГБТ туралы жазуға тыйым салуды ұсынды

Мәжіліс депутаттары БАҚ өкілдеріне ЛГБТ туралы жазуға тыйым салмақ. Олар бүгін “Масс-медиа” туралы заңға осындай өзгеріс енгізуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Freepik.com

Мұндай бұзушылық тіркелсе бұқаралық ақпарат құралын мүлдем жауып тастауы мүмкін. Заң жобасын талқылау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Гүлмира Біржанова жаңа түзетуді депутаттар Асхат Аймағамбетов пен Жанарбек Әшімжанов ұсынғанын растады.

Алайда, әзірге бұл тек ұсыныс және салыстыру кестесіне енген жоқ.

"Оның әлі қабылданбағаны енгізілмейді, қарастырылмайды деген сөз емес. Мен бұл жәй ғана түсініспеушілік, қазір бәрі ойын жинақтап, заң тұрғысынан алғанның өзінде дұрыс емес екенін түсінеді деп үміттенем. Мен демократияға шақырмай-ақ қойдым. Заң тұрғысынан қараса болды. Қазір ұсынылған нәрсе – өте маңызды. Бізде БАҚ туралы заңның 22-бабында БАҚ-ты жабуға негіз болатын тізім көрсетілген. Ол жерде маңызды мәселелер көрсетілген: экстремизм, терроризм, алауыздық... бізде қылмыстық және әкімшілік кодексте көрсетілгеннің бәрі бар. Бұл анықтамалардың барлығы заңнамада жазылған – алауыздық, ұлтаралық, діни алауыздық деген не екені түсінікті.

Ал депутаттардың ұсынып отырғаны қазақстандық заңнамада жоқ. Қазір оны енгізу дұрыс емес”, – деді Біржанова.

Бірақ олар мұндай ақпараттың бәріне емес, тек үгіт-насихат жасап, біржақты пікір қалыптастыратын, ЛГБТ дәстүрлі қарым-қатынастан жоғары қойылатын жазбаларға тыйым салуды ұсынғанын нақтылады. 

Мәжілісмендердің сөзінше, мұны ұсынған депутаттар салмақты дәйектер келтірген. 

Депутаттардың пікірінше, үгіт-насихат пен объектив материалды мынадай белгілеріне қарап ажыратуға болады:

  • Насихат қоғамдық пікірді белгілі бір бағытта қалыптастыруға немесе өзгертуге бағытталған, ал ақпарат өз бетінше талдау және қорытынды жасау үшін мәлімет беруге тырысады.
  • Үгіт-насихат ақпараттың селективті көрінісін пайдаланады, тек оның мақсаттарын қолдайтын фактілерге назар аударады және қарсы дәлелдерді елемейді немесе бұрмалайды. Объективті ақпарат мәселені түрлі жағынан қарап, әртүрлі пікір мен дәлелді ұсынуға тырысады.
  • Фактілерді тексеру. Ақпараттағы мәліметті әдетте өз бетіңше тексеруге болады. Насихатта көбінесе растау қиын немесе мүмкін емес жалған мәлімдемелер бар.
  • Тепе-теңдік және көпжақтылық. Мәселені объектив түрде жарияланғанда жан-жақты және түрлі көзқарас ұсынылады, ал үгіт-насихат көбінесе бір жақты және белгілі бір идеологияны ілгерілетуге бағытталған.

"Біз зорлық-зомбылықтың барлық түріне жазаны күшейтетін заң қабылдадық және сіз оған қарсы шыққандар аз болмағанын білесіз. Бірақ біз зорлық-зомбылықты, сонымен қатар қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін идеяларды насихаттамауымыз керек", – деді
депутат Әшімжанов.

Депутаттардың сөзінше, әңгіме ЛГБТ-ны насихаттау туралы ғана болып отыр. Түзету қабылданбады, бірақ тыйып та тастамады, сондықтан оны қайтадан енгізуге болады.

Бұған дейін Тоқаев ЛГБТ өкілдерінің жетім балаларды асырап немесе тәлімгерлікке алуына тыйым салатын заңға қол қойған еді. 

Талқылау