Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмыссыз қазақстандықтарға триллион теңге таратып берілу ұсынылды

Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Ирина Смирнова жұмыссыздарға триллион теңге ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Президент кездесулердің бірінде Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша жоспарланған  255 мың адамның 150 мыңы жұмысқа орналасқанын атап өтті.  Естеріңізге сала кетейін, Жұмыспен қамтудың жол картасына бір триллион теңге бөлінген. Сонда бір жұмыс орнын ашуға 4 млн теңге жұмсалған. 

Бүгінгі таңда, оның айтуынша, жұмыс орындарын құру негізінен мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары шеңберінде 1 млн жұмыс орнын құру жоспарымен жобалар жасайды, бірақ бағдарламалардың тек 6%-ы тұрақты жұмыс орындарын, ал қалғандары уақытша жұмыс орындарын көздейді.

"Уақытша жұмыс орындарына орналастыру қаражатының көлемі тым жоғары емес пе? Елдегі жемқорлық пен мемлекеттік бюджетті талан-таражға салу деңгейін есепке алсақ, тұрғындарды бағдарлама емес, жергілікті жобалармен қолдаған дұрыс емес пе?", - дейді Смирнова.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, Жұмыспен қамтудың жол картасына 1 трлн теңге қарастырылған, оның 300 млрд теңгесі - республикалық бюджет қаражаты, 700 млрд теңгесі - жергілікті бюджет.

 

Талқылау