Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат Жаңбыршиннің арызы бойынша қозғалған іс аясында Темірлан Еңсебекке тергеу жүргізілді

темірлан еңсебек пен еділо жаңбыршинФото: Темірлан Еңсебек пен депутат Еділ Жаңбыршин

Адвокат Жанар Балғабаева Qaznews24 сатиралық парағының негізін қалаушы Темірлан Еңсебекке "көрінеу жалған ақпарат тарату" бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Жанбыршиннің арызын біз көрген жоқпыз. Алдын ала тергеуді Астана қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы бастаған. Темірлан Астанаға шақыртылған еді, алайда біз оны Алматыда сұрастыру туралы өтініш жолдадық", – деді адвокат Балғабаева.

Оның айтуынша, депутат арызды Qaznews24 парағында тамыз айында жарияланған посттардың біріне байланысты жазған болуы мүмкін. Дегенмен, 1 мамырда Qaznews24 ресми түрде Темірланның редактор емес екенін және арнаның контентіне қатысы жоқ екенін жариялаған.

"Бүгін Темірлан Еңсебекке тергеу өтті. Ол қорғау құқығы бар куәгер ретінде сұралды, ол күдікті емес. Тергеудегі сұрақтардың бәрі арнаға байланысты болды", – деді адвокат.

Оның айтуынша, Темірланды жауапкершілікке тарту орынсыз, ал оны тергеуге шақыру да дұрыс емес.

"Сатиралық жаңалықтар үшін қылмыстық жауапқа тарту – мүлдем дұрыс емес", – деп қосты Балғабаева. Темірланды тағы шақыра ма әзірге белгісіз.

13 тамызда Qaznews24 парағы жұмысын тоқтатқанын жариялады, содан бері жаңа жарияланым шықпаған. 27 қарашада Темірлан Енсебектің қалыңдығы Мария Кочнева Instagram-парақшасында оны Qaznews24-ке байланысты қылмыстық іс бойынша тергеуге шақырғанын хабарлады. Іс Қылмыстық кодекстің 274-бабы ("Көрінеу жалған ақпарат тарату") бойынша қозғалған.


Qaznews24 сатиралық парақшасының бұрынғы авторы Темірлан Еңсебек тағы да тергеуге шақырылды


 

Orda.kz редакторы Гүлнар Бажкеноваға қатысты қылмыстық іс қозғалды


 

Еске салайық, Qaznews24.kz парақшасының авторы, белсенді Темірлан Еңсебек 17 қаңтарда ұсталған еді. Оған Қылмыстық кодекстің "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру" бабы бойынша іс қозғалған. Кейін полиция департаменті Темірлан Еңсебекті “ұлтаралық алауыздықты қоздыратын айқын белгілері бар материалды орналастырғаны” үшін ұстағанын мәлімдеді. Құқық қорғау органдарының дерегінше, қазір Еңсебек Instagram парақшасында жариялаған “Йоу, орыстар” әнінің авторы іздестіріліп жатыр.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 01 Желтоқсан, 2025 17:02