Депутат тіркеу орнында көз жұмған ер адам жайлы: Ол осындай күйімен үйінде де қайтыс болуы мүмкін еді
Парламент мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов ХҚКО-дағы болған адам өліміне қатысты пікірін айтты.
Бұл туралы ИА «NewTimes.kz» хабарлайды.
«Сіздер ХҚКО-да тіркеу болып жатқандықтан адам өлімі болды деп ойлайсыздар ма? Иә, адам өлді. Бірақ ондай күйімен ол үйінде көз жұмуы да мүмкін еді. Бұл жөнінде жедел жәрдем дәрігерлерінен сұрайық», – дейді ол.
«Мен өзімді кінәлімін деп санамаймын. Өйткені біз көптеген заң қабылдаймыз. Іске асырылып жатқан заң – қажеттіліктен туады. Тіркеу жөнінде заңның дұрыстығына күмән келтіруді доғарайықшы», – дейді Жамалов.
Халыққа қызмет көрсету орталығында тағы бір адам қайтыс болғанын хабарлап, видеосын жариялаған едік.
Жіберіп алмаңыз:
Семейде полицей өзіне қол жұмсамақ болған оқушы қызды құтқарып қалды
Алматыдағы ардагерлер үйінде 6 ақсақал мен әже отау құрған
Ақсақал Төреғали Төреәлінің әнін орындап тойды жандырды (видео)