Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәслихат депутатын соққыға жыққан Мұхтар Тінікеев ауруханаға түсті

Атышулы видеода көрініп қалып, елді дүрліктірген мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев ауруханаға түсіп қалды. Әріптесі Глеб Щегельскидің айтуынша, ол жүрек ауруына байланысты палатаның пленарлық отырысына да қатыса алмаған.

cf9af8a57ba40c06cf4e5add0e2781c8

Фото: bnews.kz

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Мұхтар Бәкірұлы қазір ауруханада. Онда бүгінге бекітілген жоспарлы тексеріс бар. Оның жүрегі ауырып жүр. Кеше таңертең бізде комитеттің кеңейтілген отырысына ол расымен қатысты. Сағат 3-те жұмыс тобын өткізіп, сағат 4-ке таяу ауруханаға кетті”, – деді Щегельский.

Әріптесі, сондай-ақ, Тінікеевтің тезірек сауығып кетеріне де үміттенетінін айтты. Ал Қуаныш Сұлтанов болса аталған даулы видеоға қатысты өз пікірін білдірді.

“Біз де сіз секілді оны көрдік. Шын ба, қауесет пе, әзіл ме, оны анықтаймыз. Әуелі ондағы жағдайды түсініп алу керек”, – деді Сұлтанов.

Бұған дейін желіде Мұхтар Тінікеев делінген ер адамның қатысуымен видео пайда болған еді. Бейнематериалда мәжіліс депутаты Николай Полевой есімді Қарағанды қалалық мәслихатының депутатын басынан ұрып жатады.

Оқи отырыңыз:

Министр 16 желтоқсандағы әлеуметтік желілердің істен шығуына қатысты пікір білдірді

Нұрсұлтан Назарбаев Астананың құрылысы үшін түн ортасында 50 млн доллар іздеген

Актерден саясаткерге дейін: Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ондаған қазақстандық мемлекеттік марапатқа ие болды

Жақып Асанов өзіне қысым көрсеткен облыс прокурорларының сазайын бермек

Талқылау