Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат министрден Қытайға күштеп шығару қаупі төнген қазақтарға араша түсуді сұрады

Мәжіліс депутаты Кәрібай Мұсырман Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа депутаттық сауал жолдап, Жамбыл облысындағы 251 оралман бауырымыздың жанайқайына құлап асуды сұрады, деп хабарлайды Sputnik.

“Мемлекет басшысы Дүниежүзі қазақтарының биылғы жылы болған бесінші құрылтайында сөйлеген сөзінде “Елім, жерім деп еңіренген әрбір қазаққа Қазақстанның есігі әрқашан айқара ашық. Ешкімге шектеу жоқ. Біз көшіп келетін ағайынға жол сілтеуді тұрғылықты жерінен бастауымыз керек. Елшіліктер азаматтардың құжатын қамдап, қоныстанатын жері туралы кеңес беруге тиіс. Оны сыртқы істер министрлігіне тапсырамын. Сонда шекарадағы шырғалаң да, елге келген соң құжат түгендеу үшін ары-бері сабылу да болмайды” деп қадай айтқан мәлім. Өкінішке қарай, 2015 жылы Жамбыл облысына Қытай Халық Республикасынан көшіп келген 251 этникалық қазаққа қазір өздері келген көршілес елге сот арқылы күштеп шығару қаупі төніп тұр”, — деді депутат.

Айтуынша, арада екі жыл өткенде олардың ықтиярхаттар алу үшін тапсырған кейбір құжаттары жалған екені анықталған болып шықты. Ал оралман ағайындар делдалдар мен жемқорлардың құрбаны болып отырмыз деп санайды.

“Қалың жұртшылық айрықша назар аударып, әлеуметтік желілерде қызу талқылану тақырыбына арналған осы келеңсіз оқиғаның орын алу себептерін және оған кімдер кінәлі екендігін қазіргі кезде Тараз қаласы көші-қон басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты жүргізіліп жатқан қызметтік тергеу нәтижесі әділ анықтап береді деп сенеміз. Әрине, екі жыл бойы елімізге судай сіңіп, тастай батып, үйлі-күйлі болып, өздерінің тарихи отаны — Қазақстанның игілігі жолында алаңсыз да адал еңбек етіп, шаттыққа бөленіп жүрген шағында аяқ астынан туындаған шатақ мәселе оралман ағайындардың төбелерінен жай түсіргендей есеңгіретіп, қатты абыржытып тастағаны анық”, — деді Мұсырман.

Депутат атажұртым деп аңсап келген ағайындарға араша түсу азаматтық парызымыз деп санайды.

“Ішкі істер министрі Қасымов мырзадан Жамбыл облысындағы 251 оралман бауырымыздың жанайқайына құлап асып, осы өзекті мәселені өзінің жеке бақылауына алуын және қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешім қабылдауын сұраймын”, — деді депутат.

Тағы да оқыңыз:

Атыраулық жезөкшелер: Бізді қинап осы жолға салған жеңгетайымыз “өлтіріп кетем” деп қорқытып отыр

Ақтөбенің қыздары тәш-тәш-тәш: Желіде хит болған әннің жаңаша түрі пайда болды (видео)

Алматыда түн ішінде пәтерге басып кіріп пышақпен қорқытатын ұрылар ұсталды

Талқылау