Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда түн ішінде пәтерге басып кіріп пышақпен қорқытатын ұрылар ұсталды

Алматыда түн ішінде пәтерге басып кіріп пышақпен қорқытып, тұрғындардың заттарын тонаған ұрылар ұсталды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полицейлер 21 және 25 жастағы екі жігітті қолға түсірді.

«Күдіктілер таңғы 4 шамасында пәтерге кірген. Қыздарды пышақпен қорқыта отырып, ұялы телефондарын тартып алған. 21 және 25 жастағы жігіттер бірнеше сағат өтпестен ұсталды. Олардың бірі бұрын ұрлық жасағаны үшін істі болған екен. Бұл дерекке байланысты ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Қыздарға ұялы телефондары қайтарылды», – деді Алмалы аудандық ІІБ басшысы Данияр Меңдібаев.

Қазір бұл адамдардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Полиция түн ішінде бөтен адамдарға есікті ашпауға кеңес береді.

Тағы да оқыңыз:

Анджелина Джоли продюсерінен сексуалды зорлық көргенін ашық айтты

Ақтөбенің қыздары тәш-тәш-тәш: Желіде хит болған әннің жаңаша түрі пайда болды (видео)

Пойыз қоларбаны қаққан сәтте анасы сәбиін қолына алып үлгерген (видео)

Талқылау