Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат Хаменова: Мен де елбасын жақсы көрем

Астана қаласы мен халықаралық әуежайға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру ұсынысын жасағандардың бірі Бақытгүл Хаменова бүгінгі үкімет қаулысына қатысты пікір білдірді.

1715888

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова Астана халықаралық әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру шешіміне қатысты өз пікірімен бөлісті.

“Бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн десе болады. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты қабылданған декларацияда, сондай-ақ Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде де елбасының есімін Астана қаласына, сондай-ақ басқа да нысандарға, соның ішінде халықаралық әуежайға беру туралы ұсыныс көтерген болатынбыз”, — деді Хаменова БАҚ өкілдеріне.

Депутат Қазақстан мен елбасыны егіз ұғым деп білетінін айтты.

“Бұл жалғыз менің ғана пікірім емес, елдің ұсынысы. Елді аралағанда бұл ұсыныстар бірнеше мәрте көтерілген болатын. Әрине, бұл мен үшін де күтпеген қадам. Келешек ұрпақтың кемелденуі үшін жасалған батыл қадам деп айтуға болады”, — деді ол. Бақытгүл Хаменова “Бүгінгі жаңалықты естіген кезде қандай сезімде болдыңыз?” деген сұраққа:

“Сіз елдің перзентісіз ғой, мен де елдің перзентімін. Мен де Елбасын жақсы көремін. Елімнің ертеңі үшін елбасыға, ұлт символына жасалған құрметке қуандым, әрине”, — деп жауап берді.

Депутат бұл әлемдік тәжірибе екенін, дүниежүзінде жүзге жуық ұлт көшбасшысының есімі әуежайға берілгенін атап өтті. Ал Астанаға президенттің есімін беру туралы: “Жалғыз мен ғана емес, барлық депутаттық корпус осыған дейін ұсыныс айтты. Оның әрі қарай қабылдануы уақыт еншісінде”, — деді.

Айта кетейік, бүгін Астана халықаралық әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы Үкіметтің қаулысы жарияланды.

Осыған дейін депутаттар Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қабылданған декларацияда Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін Астана қаласына, сондай-ақ басқа да нысандарға беру туралы ұсыныс айтқан болатын. Мемлекет басшысы өз кезегінде бұл ұсынысты қабылдамай, брендке айналған Астананың атауын өзгертудің қажеті жоқ екенін айтты.

Тағы да оқыңыз:

Қыдырәлі Болманов ең өнерлі 5 шенеунікті атады

Жарнамадағы әдепсіздіктерге алаңдаған депутат “Просто Мария” киносын мысалға келтірді

Келімбетов зейнетақы қорындағы “ақшаның қайда жатқанын көрсетуді” ұсынды

Астана көшесінде жабынған әйелдер бір-бірімен төбелесті (видео)

Алматыда әпкесі мен анасының ұратынын айтқан 9 жасар қыз көлік астына түспек болды

Талқылау