Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат қазақстандықтарды жеке қатынастарын желіде ашық жарияламауға шақырды

Фото: pexels.com

Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева қазақстандықтарды жеке қатынастарын адамдарға көрсетпей, камерадан тыс қалдыруға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Депутат бұл туралы мәжілістегі әлеуметтік желілерде ЛГБТ насихаттауға тыйым салатын заңға қатысты талқылаудан кейін мәлімдеді. Журналистер депутаттан желідегі нақты қандай жазбалардың ЛГБТ насихаты болып саналатынын, адам сүйікті қызымен немесе жігітімен сурет жариялуына рұқсат етіле ме деп сұрады.

Депутат жеке қатынастарды камерадан тыс қалдыру керегін және оларды көпшілікке көрсетуге болмайтынын айтты.

“Насихат – бұл, камерадан тыс қалуы тиіс нәрселер. Бұл ашық көрсету қажет емес нәрселер. Өмір сүріп жатырсыз ба? Өмір сүре беріңіз. Бірақ оны көпшілікке жария етудің қажеті жоқ”, – деді ол.


"Заманбек Нұрқаділовтің немересі де бар": Қоғам белсендісі ЛГБТ өкілдеріне қатысты шындықты жайып салды

Алматыда ЛГБТ белсендісі жігітті зорлады деген күдікке ілінді


Депутаттың айтуынша, әзірге ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңға енгізілген түзетуде нақты не нәрсе насихат болып саналатыны айқын көрсетілмеген.

“Менің ойымша, БАҚ-та білімді және өте білікті адамдар көп. Олар өздері не нәрсе насихат болып саналатынын түсінеді. Насихат – бұл қоғамға жарияланған кезде өсіп келе жатқан ұрпақтың психикасына әсер ету құралына айналуы мүмкін жазбалар”, – деді Дементьева.

Еске салсақ, бұған дейін сарапшылар Қазақстанда ЛГБТ қауымдастығының үлесі 10%-ға дейін жетуі мүмкін екенін айтқан еді. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 28 Қазан, 2025 19:09
Талқылау