Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат Ермұрат Бәпи "Парасат" орденімен марапатталды

Мәжіліс депутаты, журналист Ермұрат Бәпи "Парасат" орденімен марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: mazhilis_kz

"Мәжіліс спикері Мемлекет басшысының атынан бірқатар депутаттар мен аппарат қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады. Мәжіліс депутаттары Ермұрат Бәпи, Ерлан Барлыбаев және Еркебұлан Мәмбетов "Парасат" орденімен марапатталды", - делінген хабарламада.

Ермұрат Бәпи бүгінде қазақ қоғамдағы ең өзекті мәселелерді қозғап жүрген депутаттардың бірі. Атап айтқанда, ол экс-президент Назарбаевтың жақын туыстарының қызметіне қатысты қылмыстық схемаларды тексеруді, сондай-ақ елдегі монополиясыздандыру үдерісінің ашықтығын талап еткен жалғыз депутат.

Ермұрат Бәпи Қазақстан журналистер одағы сыйлығының бірнеше дүркін иегері, Қазақстан журналистер одағы басқармасының мүшесі.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 24 Қазан, 2023 18:58
Талқылау