Депутат Ермұрат Бәпи мен Айдос Сарымға Ресейге кіруге тыйым салынған – БАҚ
Бірнеше қазақстандық депутат пен қоғам белсенділеріне Ресей Федерациясының аумағына кіруге тыйым салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Deutsche Welle басылымы дереккөзіне сілтеме жасап, Қазақстанда ел аумағына кіруге тыйым салынған тұлғалардың тізімі бар екенін жазады. Олардың қатарында Тина Канделаки, Тигран Кеосанян, Александр Дугин, Никита Мендкович, мемлекеттік дума депутаттары Евгений Федоров, Вячеслав Никонов и Петр Толстой бар.
Сондай-ақ Ресей де елге кіруге тыйым салынған тұлғалардың тізімі бар екен. Олардың қатарында саясаттанушы Досым Сатпаев пен Димаш Әлжанов, қоғам белсенділері Мұхтар Тайжан мен Тоғжан Қожалы, мәжілісмендер Ермұрат Бәпи мен Айдос Сарым бар. Deutsche Welle басылымына пікір білдірген Айдос Сарым 2021 жылы да Ресейге кіруге қатысты мәселе туындағанын айтты.
"Біздің делегация Брюссельге конференцияға қатысу үшін Мәскеу арқылы үшты. Рейстердің арасы 9 сағат болғандықтан, Ресейдегі Қазақстан елшілігі Мәскеудегі шараға қатысуды ұсынды. Бірақ дипломатиялық паспорттың барына қарамастан, мені қалаға кіргізбеді. Делегация өтіп, мен қалып қойдым. Төлқұжат бақылау аймағында ұзақ уақыт өткізіп, елшіні шақырдық. Тіпті ФҚБ офицері келді. Ол маған "нон грат тұлғасы" екенім жазылған қағаз ұсынды. Елге кіруге не үшін тыйым салынғанын түсіндірмеді, тек ескерту. Егер тағы да ережені бұзсам, 8 жылға дейін сотталуым мүмкін", – деді ол.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
