Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат ең төменгі жалақы көлемін 120 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды

 

Ирина Смирнова

Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова ең төменгі жалақы көлемін 120 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Ұлттық экономика министрлігі өзі үшін ешқандай жауапкершілік алмай, бізге баға ұсынады.  Олар тағы үш жыл күте тұрайық дейді. Қазіргі таңда ең төменгі жалақы көлемі 120 мың теңге болуы тиіс. Күтетін ештеңе жоқ. Қабылданып жатқан құжаттарға сәйкес әрекет етуіміз керек", — деді Смирнова Үкімет кулуарында.

Айтуынша, Дүниежүзілік еңбек ұйымының конвенциясына сәйкес  ең төменгі жалақы көлемі елдегі медиандық жалақының 50%-ынан төмен болмауы тиіс.

Айта кетейік, Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың теңге,  медиандық жалақы 2025 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша 300 мың теңгені құрайды.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Қазақстанда 85 мың теңге ең төменгі жалақыны ешкім алмайтынын айтты. Сондай-ақ Қаржы министрлігі ең төменгі жалақы мөлшері келесі жылы өзгеріссіз қалатынын хабарлады

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 02 Қыркүйек, 2025 16:39
Талқылау