Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат: Елімізде нан пісіруге қолданылып жүрген ашытқыда у бар

Қазақстандық бидайдың сапасы соңғы 5 жыл ішінде айтарлықтай нашарлап кетті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші министрі Қайрат Айтуғанов Парламент Сенатының қабырғасында өткен кездесуде хабарлады.

216_picture

Бұл туралы 24 арна хабарлайды.

Оның айтуынша, мұндай жағдайға ауа райының өзгерісі, тыңайтқыштар мен түрлі аурулар себеп болып тұр. Сондықтан ведомство бидай егілетін алқаптарды 2 миллионнан астам гектарға қысқартумен айналысып жатыр. Оның орнына майлы және бұршақ дақылдарын егуге басымдық берілмек. Тек биылдың өзінде оларға бөлінген егістіктердің көлемі 540 мың гектарға артады.

“Бидайдың сапасы жыл сайын төмендеп барады. Біріншіден, ауа райы өзгеріп, ылғалдылық жоғары болып тұр. Екіншіден, шамамен 10 жыл бойы тыңайтқыш себілмеді. Жердің құнары кетті. Түрлі аурулар пайда болып жатыр”, – дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов.

Сондай-ақ басқосу барысында Сенат депутаттары азық-түлік нарығындағы нанның сапалы әзірленуі күмән туғызатынын алға тартты. Сенатор Ляззат Қиынов дүкендегі нанның дәмі жоқ екенін айтып, оны пісіруге қолданылатын ашытқыда денсаулыққа зиян химиялық қоспалардың бар болуы мүмкін деді.

“Нан пісіруге қолданылып жатқан ашытқыда у бар екен. Оны ойлап тапқан адамның өзі осылай деп айтты. Ашытқының құрамында формалин бар. Ведомство бұл мәселеге мән беруі тиіс деп ойлаймын”, – деді ҚР Парламент Сенатының депутаты  Ләззат Қиынов.

Жіберіп алмаңыз:

Үш жігіт бір рота солдатты қазақша сөйлеткен

Шымкентте 70-ке таяған әже бизнесті қолға алды

Полицей азаматқа “қазақ тілінде өз Монғолияңда сөйлейсің” деп шүйліккен

Зейнетақы қорын басқару тағы өзгермекші

Талқылау