Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат елімізде грантта оқыған түлектердің шетелге шығып жұмыс істеуіне тыйым салуды ұсынды

Шығысқазақстандық депутат Фарид Әбітаев енді елімізде грантта оқыған түлектерге оқуды бітірген соң шетелге кетуге тыйым салуды ұсынды. Айтуынша, осылайша елде кадрлардың азаю мәселесін шешуге болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет pexels-тен алынған

Бастаманы көтерген депуттаттың айтуынша, бүгінде мемлекет есебінен оқып, қайта даярлау мен біліктілігін арттырудан өткен 960 шығысқазақстандық шетелге кеткен. Яғни, мемлекет олардың білім алуына қаржы бөлген. Сол арқылы бұл жандар өз мамандығы бойынша жоғары білім алды. Алайда елге қызмет етпей шетелге кекен.

“Шын мәнінде, біздің зияткерлік меншік жоғалып жатыр. Егер мемлекет оқыта тұра шетелге маман боп кетсе, онда игерілген қаражатты қайта қайтаратындай талап қойылуы керек. Егер бұл сауал облысытың аймақта шешілмесе, мәжіліске хат жолдау керек. Себебі біз бұлай қаржыны оңды-солды шаша алмаймыз”, – деді Фарид Әбітаев. 

Әбітаев мемлекет есебінен оқыған адам елде белгілі бір уақыт аралығында жұмыс істеуі керек екенін алға тартты.

Фарид Әбітаевтың идеясын Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының басқа да депутаттары қолдады. 

Талқылау