Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат Динара Шүкіжанова мәжілістен өз еркімен кетті

Мәжілісмендер Динара Шүкіжанованың депутат ретіндегі өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішін қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: parlam.kz

Мәжілістің жалпы отырысында  депутаттар бір күн бұрын орталық сайлау комиссиясына арыз берген Шүкіжанованың  өз еркімен отставкаға кетуіне дауыс берді.  

“Орталық сайлау комиссиясы Конституцияның 52-бабына "ҚР Парламенті және оның депутаттары мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 24-бабы 3) және 8) тармақтарына сәйкес парламент мәжілісі депутаты Шүкіжанова Динара Аманжолқызының өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр”, - деді Шавхат Өтемісов.

Өз кезегінде Динара Шүкіжанова әріптестеріне алғыс айтып, көп тәжірибе жинағанын айтты. Сондай-ақ ол “Respublica” партиясының тең төрағасы болып қала беретінін мәлімдеді. 

“Халық пен бизнестің мүддесін қорғауды жалғастырамын. Өндіріске қайта ораламын. Осылайша еліміздің экономикасына өз үлесімді қосуды жалғастыра бермекпін”, - деді Динара Шүкіжанова.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар әріптесінің өкілеттігін тоқтатуға қатысты қаулы қабылдады.

Айта кетейік, Динара Шүкіжанова 2023 жылы наурызда Respublica партиясынан Мәжілістің 8-шақырылымының депутаты болып сайланған. 23 қаңтар күні Динара Шүкіжанова өз өкілеттігін тоқтатуды сұрап арыз жазған еді. 

Талқылау