Балиева: Әжесі баланың зорланғаны жөнінде 2 жыл бұрын арызданды
ОҚО-дағы зорлық көрдім деген 7 жасар баланың әжесі осыдан 2 жыл бұрын полцияға арыз жазған. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева ОҚО, Сарыағаш ауданы, Абай ауылындағы 7 жасар баланың зорлық көруіне қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.
Балиева баланың әжесі осыған ұқсас арызды 2016 жылы да жазғанын айтты.
«2016 жылдың материалдарын қайта қарастыруды сұрадым, сол кезде не үшін бұған назар салынбаған? Менің өтінішім бойынша ІІБ әжесі мен немересін жеке қабылдайтын болды. Мен ол жаққа барлық қатысушымен кездесетін тексеріс тобын жібердім», – дейді Зағипа Балиева.
Депутаттың айтуынша, бала келесі аптада Астанға жеткізіледі. Оқиғаның анық-қанығын анықтау үшін сараптама тағайындалған.
«Егер зорлық болғаны расталса, мен ІІД мен ҚР Бас прокуратурасына қоғамды адастырған барлық лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тарту туралы хабарлама жіберемін. Егер дәлелденбесе, басқа шара қолданамыз», – деді Балиева.
Ол сараптаманы жеке бақылауына алатынын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, ОҚО, Абай ауылының тұрғыны 7 жасар немересінің бірнеше ай бойы зорланып келгенін айтып, дабыл қаққан болатын. Баланың туысқандары құқық қорғау органдарының әрекетсіз отырғанын айтып, шағымданды
Тағы оқыңыз:
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғаламтор арқылы насихат жүргізетіндерді бақылауға алды
Экс-министр Бишімбаевқа сот үкімі шықты
Аудандық білім бөлімінің басшысы: 7 жасар бала шынымен зорланған болса, мен қызметімнен кетем
Қайрат Құдайберген табиғат апатына алдын ала дайындалмаған шенеуніктерді сынады