Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат бала саудасы мәселесін шешудің жолдарын ұсынды

Мәжіліс депутаты Константин Авершин перзентханада жаңа туған нәрестелерге ЖСН беруді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Депутат Константин Авершин премьер-министр Әлихан Смайыловқа бала саудасы мәселесін шешу жолдарын ұсынды.

"Балалар саудасы – көптеген елдегі өзекті мәселе, соның ішінде Қазақстанда да бұл шешімін таппады. Алты жыл бұрын бала саудасы туралы бірнеше іс болды. Олардың ішіндегі ең атақтысы – Алматы мен Шымкенттегі сот процестері. Ал 2019 жылы Қазақстанда адам саудасы үшін жаза қатаңдатылып, жазаның төменгі шегін ұлғайтып, сондай-ақ тараптардың татуласу мүмкіндігін алып тастаса да, қылмыс азаяр емес", – деді Авершин.

Осындай әрекеттердің алдын алу үшін мәжілісмен мынадай ұсыныс білдірді:

  • Перзентханада туған балаға бірден ЖСН беру туралы шешім қабылдау;
  • Денсаулық сақтау, білім беру, әділет жүйелері арқылы туған балаларды және олардың өмірін есепке алудың интеграция - кросс-жүйесін құру;
  • 2015 жылдан бастап перзентханаларда әр жыл туған балалардың саны мен алынған туу туралы куәліктердің және берілген ЖСН санын салыстырып тексеру;
  • Денсаулық сақтау ведомствосын алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметтерінің жанынан жүкті және туылған балаларға үйде патронаждық барудың әмбебап прогрессивті механизмінің жұмысын тек денсаулықты бақылау, қауіп топтарын анықтау үшін ғана емес, сонымен бірге балалардың өмір сүруі үшін де іске қосуды міндеттеу;
  • Қамқоршылық органдарында азаматтарға әдейі айтылмайтын, суррогат ана болудың заңмен бекітілген тетіктері туралы ақпаратты арттыру;
  • Мемлекет басшысының жасанды ұрықтандыру квоталары және квоталар санының артуы туралы тапсырмасының орындалуын бақылау, бұл көптеген баласыз ерлі-зайыптылар үшін мәселені шешеді;
  • ЭКҰ, суррогат ана бағдарламасын жүргізуге медициналық айғақтары бар ерлі-зайыптылар бюджет қаражаты есебінен (квоталық бағдарламалар) өткізсін.
Талқылау