Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат: Автобус жүргізушілерінің денсаулығын тексеру керек

Депутат жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін не істеу қажеттігін айтты. Бұл туралы депутаттары үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Депутаттардың жолаушылардың жағдайын ойлау себебін мәжілістің жалпы отырысында депутат Ержан Құдайберген түсіндіріп берді. Ол бірнеше себебін атады.

Олар: Ақтөбе облысында “Самара-Шымкент” тасжолында автобус өрті, Ресейде “Санкт-Петербург — Нижний Новогорд” бағытындағы теміржол өткелінде қазақстандық жолаушылар автобусының пойызбен соқтығысуы. Сонымен қоса, Ақмола облысында автотұрақта автобус жүргізушісінің жүрегі тоқтап қалып, қайтыс болуы. Оның айтуынша, егер ол сол уақытта автобусты жүргізіп келе жатса, онда үлкен апатқа алып келуі мүмкін еді.

“Жолаушы тасымалдаушылар ескі автобустарын жаңалау былай тұрсын, оны жөндеу шығынын да азайтатыны жасырын емес. Осылайша ескі жарамсыз халде жолаушыларды тасымалдап, олардың өмірін қауіп-қатерге тігеді. Осындай автобустар апатқа ұшырағанда жүргізушіні айыпқа тартып, ал транспорттық компаниялар жауапкершіліктен басын алып қашып жатады. Осы жағдайларды ескере отырып, транспорттық компаниялардың жауапкершілігін арттыру қажет деп санаймыз”, — деді ол.

Депутат басты мәселелерді айтқан соң, олардың алдын алу шараларын да айтты.

“Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автокөлік құралдарының техникалық жағдайына қатаң талап қою, автобустардың қолдану мерзіміне шектеу жасау, заманауи бақылау құралдарын пайдалануды міндеттеу және жүргізушілердің денсаулығын тексеріп, бақылауды күшейту қажет”, – деді депутат Ержан Құдайберген.

Тағы оқыңыз:

Қазақстанда биыл жанармай тапшылығы болмайды

Ақтөбеде мектеп оқушыларына бөдене жұмыртқасы мен ешкі сүтін беруі мүмкін

Ақтөбеде автобус өртінен көз жұмған 52 өзбек азаматы жер қойнына тапсырылды (фото)

Қазақ ақсақал теріден қалай шаңғы жасайтынын айтып берді (видео)

Талқылау