Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат Алматыда электрсамокаттарды жалға беруді тоқтатуды талап етті

Депутат самокатты жалға беруді тоқтатуды ұсындыФото: freepik.com

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Бейбіт Құсаинов қалада электрсамокаттарға уақытша тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, жалға беру және жүру ережелері бекітілмейінше, арнайы тұрақтар орнатылмайынша және қауіпсіз веложолақтар жасалмайынша уақытша шектеу қажет.

"Менің ұсынысым – Алматыда электрсамокаттарға уақытша тыйым салу. Қалада толыққанды тұрақтар, қауіпсіз веложолақтар, нақты жалға беру және жүргізу ережелері пайда болмайынша, басқа амал жоқ. Сонда ғана қаламызды баршаға жайлы әрі қауіпсіз ете аламыз", – деді Бейбіт Құсаинов.

Оның айтуынша, 8 қыркүйекте Алматы қалалық мәслихатының кеңейтілген отырысында депутаттар электрсамокаттар, мопедтер мен электрвелосипедтерге қатысты мәселелерді талқылаған.


Президент электрсамокаттардың қозғалысына қатысты заң қабылдауды тапсырды


"Қазір оларды жүргізуге қатысты нақты ереже жоқ. Жылдамдық шектелмеген, тұрақтар ретсіз. Ал көпшілік пайдаланушылар жол қозғалысы ережесін де білмейді. Самокаттар тротуар мен жолдың үстіне тасталып кетеді. Бұл жаяу жүргіншілерге ыңғайсыздық пен қауіп тудырады", – деп атап өтті Құсаинов.

Алматыда қазір Bolt, Whoosh, Jet және Яндекс Go сияқты кикшеринг қызметтері жұмыс істейді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда самокатшы өзіне ескерту жасаған ер адамның көзінен ұрғаны туралы хабарлаған едік. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 09 Қыркүйек, 2025 15:12
Талқылау