Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат 2024 жылды зорлық-зомбылықпен күресу жылы деп жариялауды ұсынды

Биыл 10 ай ішінде Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 85 әйел қаза тапқан. Бұған елдегі әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық пен харассмент оқиғаларының көбеюі себеп болып отыр. Осындай дерек келтірген депутат Қарақат Әбден 2024 жылды зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жылы деп жариялауды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: mazhilis_kz

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Қарақат Әбден харассментке қатысты анонимді сауалнаманы еліміздің барлық жоғары оқу орынында тәуелсіз түрде өткізу керектігін мәлімдеді.  Өйткені зорлық-зомбылыққа жол бермеу қазігі уақытты кезек күттірмей шешетін мәселеге анйлып отыр. 

"Елді елең еткізген соңғы хабарлар қоғамдық сананы дүр сілкіндірді. Осы қорқынышты жаңалықтар ізімен харассмент оқиғалары да тез тарады. Жақында Астана медицина университетінде профессор-оқытушының студентке жасаған жыныстық қысым фактісі анықталды. Осыдан кейін әлімжеттік көрген студенттер өз оқиғаларын әлеуметтік желіде жариялай бастады. Жеке өзіме әртүрлі оқу орындарының студенттерінен 100-ден аса хат келіп түсті", - деді Әбден премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың атына жолдаған депутаттық сауалында.

Депутат жыныстық қысымға ұшыраған елордалық бойжеткеннің ісімен танысып, бұл салада кемшіліктердің көптігіне көзі жеткенін айтты. Ал елдегі оқу орындарында қанша харассмент оқиғасы орын алғанын дөп басып айту қиын екенін атап өтті.

"Себебі статистика жүргізілмейді. Ал заңда харассмент ұғымы атымен жоқ. Жалпы зорлық-зомбылықтың қай түрін болсын, яғни харассментті де қатаң қарап, заң жобасына бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізу керек. Бұл жолы студент қызымыз батыл болып шықты. Еш қорықпастан болған жағдайды жайып салды. Тиісті шешім қабылданып, әлгі харассер жұмыстан шығарылды. Бірақ, біз мұндай мәселені әрқашан студенттің  батылдығына, басшының әділдігіне сеніп қоя алмаймыз. Жүйелі, кешенді шешімдер керек", - деді ол.

Бұл тұрғыда депутат харассментке қатысты анонимді сауалнаманы еліміздің барлық жоғары оқу орындарында тәуелсіз түрде өткізуді ұсынды. Сонымен қатар, барлық жоғары оқу орнының жарғысына харассмент туралы нақты ережелер енгізуді сұрады.

"Бас прокуратураның деректері бойынша 2023 жылдың 10 айында тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан 85 әйел қаза тапқан. Қорқынышты статистика. Харасмент те зорлық-зомбылықтың бір түрі. Айтылған ойымды қорытындылай келе, келер жылды зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жылы деп жариялауды ұсынамын", - деді Қарақат Әбден.
 

Талқылау