Депрессия мен мазасыздық: Коронавирустан кейін пайда болатын аурулар белгілі болды

Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау және клиникалық жетілдіру институты (NICE) коронавирустан кейінгі синдромды емдеуге арналған ресми нұсқаулықты жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Дәрігерлер COVID-19-дан айыққан науқастар өткеретін барлық мүмкін белгілерді атады.

Шаршау мен жоғары температура сияқты кең таралған жағдайлардан басқа, дәрігерлер когнитивтік бұзылуларды, бас ауруын, аяқ-қолдың шаншуы мен ұйып кетуін, ұйқының бұзылуын анықтады.

Сондай-ақ, COVID-19 науқастары іштің ауыруы, жүрек айну, диарея және анорексия туралы жиі шағымданады.

Британдық ғалымдардың пікірінше, ауру пациенттердің психологиялық жағдайына да әсер етеді және депрессия мен мазасыздық тудыруы мүмкін. Жүрек-тамыр жүйесі де соққыға ұшырайды - адамдар көбінесе дәрігерлерге жүрек соғысының бұзылуына, ауырсынуына немесе кеуде қуысының қысылуына шағымданады екен. 

Аз кездесетін белгілер - бұл бөртпе сияқты тері аурулары.

Мамандар бұл ұсыныстар COVID-19-дан айыққан науқастарға күтім жасау тәжірибесін жақсарту, сондай-ақ инфекциямен күресуге қатысатын медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында жасалғанын айтады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр