Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депозит қана емес: Қазақстандықтар үшін басқа қандай банктік өнімдер тиімді

Соңғы уақытта депозитте ақша сақтау тәсілі тартымдылығын жоғалтуда. Өйткені соңғы айларда оларға қосылатын мөлшерлеме сыйақылары төмендеп барады. Сол себептен LS порталы салымшылар үшін тағы қандай тәсілдер тиімді болуы мүмкін екенін қарастырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешіміне байланысты ақпан айында бірнеше қазақстандық банк өз өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қайта қарады. 

Мәселен көпшілік арасында ең танымал жедел емес депозитті алайық. Оны кез келген уақытта толтыруға немесе одан ақша алуға болады. Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының деректеріне сәйкес, өткен айда осындай 10 қатысушы банк салымның осы түрі бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайтқан. Оның максималды мөлшері 15,3% болса, ең төменгі мөлшері 5,7%.

Мұндай жағдай депозиттің басқа түрлерінде де байқалады.

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені төмендетуді жалғастырса, бұл депозит шарттарына одан сайын әсер етіп, оларға деген қызығушылық та азаюы мүмкін. Дегенмен қазақстандықтардың көпшілігі әлі күнге дейін жинақтарды депозитте сақтауды жөн көреді. Сондықтан тиімді шарттарды ұсынатын басқа да құралдардың бар екеніне назар аударған жөн.

Сондай тиімді шарттардың бірі – банктік депозиттік сертификат (БДС). Бұл клиент қаржы институтынан сатып алып, біраз уақыттан кейін оны қайта сата алатын бағалы қағаз. Бұл ретте депозиттік сертификатты іске асырғаны үшін клиентке ақшадан басқа, сыйақы да төленеді.

Қазақстанда мұндай өнімді тек аздаған банк ұсынады. Солардың бірі стандартты немесе икемді Home Credit Bank сертификаттары. Мұнда қаржы институты күн сайын клиенттің ағымдағы шотына немесе дебеттік картасына пайыздар есептейді.

Осы тұста стандартты сертификат пен жинақ депозитінің шарттарын салыстыра отырып қайсысының тиімдірек екенін көрейік.

Ең алдымен, банктік депозиттік сертификат бойынша сыйақының жоғары мөлшерлемесін атап өткен жөн. Ол – 17,9%. Бағалы қағаздың айналым мерзімі – 12 айдан 60 айға дейін. Ал сертификатты сатып алу үшін ең төменгі сома – 100 мың теңге.

Ал 12 айдан бастап жинақ салымдары бойынша басқа екінші деңгейлі банк ұсынатын ең жоғары пайыздар 13,5-16,9%. Оның үстіне әр банкте депозит ашудың минималды сомасы әр түрлі.

Енді икемді сертификат пен мерзімді салымдар бойынша шарттарды салыстырайық. Мұнда бірінші тәсіл қазақстандықтарға жинақтарды жылдық 16% - бен сақтауды ұсынады. Бағалы қағаз айналымының ең ұзақ мерзімі-24 ай. Ал сомасы-100 мың теңге. Сонымен қатар, шарт мерзімінен бұрын бұзылса да сыйақы сақталады. 

Бұл ретте банктердің мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлемелері (сол мерзімге және одан да көп) аз. Биыл ақпан айында олар 14,5% - дан аспаған.

Мысал ретінде Home Credit Bank-тің жедел емес депозит шарттары мен икемді банктік сертификатын салыстыруға болады. Егер қазақстандық банк салымына 10 миллион теңге аударуды шешсе, онда бір жыл өткеннен кейін ол сыйақы түрінде шамамен 1,4 миллион теңге қосымша табады. Бұл сома бүгінгі таңдағы қаржы институттарының көпшілігінің 14,5% мөлшерлеме деңгейімен есептелген.

Ал депозиттік сертификатта жеке шотқа күн сайын сыйақы төленетіндіктен дәл осындай соманы аудара отырып, салымшы 1,6 миллион теңге алады.

Сонымен қатар, егер клиент Home Credit Bank-те мерзімсіз депозит ашып, онда БДС-дан есептелген сыйақыны орналастырса, клиент өзінің кірістілігін 17% - ға дейін арттыра алады. Осылайша, салымшы өз жинақтарын жоғары мөлшерлемеде, ыңғайлы талаптар арқылы, сыйақыны жоғалтпай кез келген уақытта ақша алу мүмкіндігіндегі тиімді шартқа ие болады. Банктік депозиттік сертификат Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының кепілдігіне жатпайды.

№1.2.36/40 лицензиясы 17.08.2022 ж. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген.

Талқылау