"Департамент басшысы қашып кетті": Павлодарда жұмыс орнында ішімдік ішкен түрме басшыларына қатысты тексеріс басталды
Павлодарда қылмыстық атқару жүйесінің өңірлік департамент шенділеріне қатысты қызметтік тексеріс басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.
Тексеріске Фейсбук желісінде тараған жазба себеп болған. Онда, АП 162-де 2 түрмесінің қызметтік кабинетінде, мекеме бастығы, орынбасарлары, департамент бсшылары және көрші түрме бастығының орынбасары бірігіп ішімдік ішкені жазылған.
Қылмыстық атқару комитетінің баспасөз қызметі қылмыстық атқару комитетінің жеке бас қауіпсіздігі басқармасы, Павлодар облысының қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің қызметтік тәртіпті бұзды деген ақпаратқа байланысты тексеруді бастады. Оның нәтижелері бойынша тиісті шара қолданылады.
Әлеуметтік желіде бұл келеңсіздік 17 шілде күні түңгі сағат он бір жарымда болғаны хабарланған. Полиция департаменті оқиға орнына жеткенде қылмыстық атқару жүйесінің өңірлік департамент басшысы көлікке отырып, жылдамдықты асыра қашып кеткен. Ал, оның орынбасары қайда барарын білмей дәретханаға жасырыныпты. Ұсталып қалған түрме басшылығы медициналық тексеруден өтуге қарсылық білдірген екен. Парақша авторы бұл жайттың бәрі бейнетаспаға түсірілгенін, бірақ ол материалдың жойылып кетуі мүмкін, деп жазған.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
