Денсаулық сақтау министрлігі дәріханалардағы қымбатшылықпен күресуге кірісті
Жекеменшік дәріханалардағы препараттардың бағасын мемлекет өзі шектеп береді. Енді бұл салада нәпақа тауып отырған кәсіпкерлер дәріге ел бойынша белгіленген ортақ бағадан асырып, құн қоса алмайды, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Денсаулық сақтау министрлігі осылайша, алдағы күзден бастап еркімен кеткен бағаны реттеуге кіріспек. Мемлекет бұдан былай дәрі-дәрмектің өңірлерге жеткізілуін де реттеп отырады. Қазір дәрі құнының 25 пайызын жол шығындары құрайды деді министр Біртанов. Мақсат оны 6 пайызға дейін қысқарту. Нәтижесінде республика бойынша препараттардың бағасы біркелкі болмақ.
“Бұған дейін жекеменшік дәріxаналардың баға саясатына араласуға құқығымыз болған жоқ. Енді, арнайы заң жобасын даярладық. Бүгінде аталған құжаттың тұжырымдамасын әзірлеп жатырмыз. Алдағы уақытта оны қоғамдық талқылауға шығарамыз. Күзде заң жобасын Парламентке енгізуіміз керек”, – дейді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Жіберіп алмаңыз:
Павлодарда жоғалған келіншектің ұлына туыстары таласып жатыр
Ақтөбеде түрмеден қашқандарды ұстаған майор медальмен марапатталды
Басындағы битті керосинмен улаған оқушы жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты
Алматыда ірі жол апатынан зардап шеккендердің денсаулығы туралы дәрігерлер айтып берді