Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі: Науқастардың ашуына өзіміз кінәліміз, адамдармен жұмыс істеуді білмейміз

Цифрландыру бағдарламасының жаңа мүмкіндіктері туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкіметтік емес ұйымдармен кездесу барысында айтты.

Оның айтуынша, телемедицинаның жаңа бағыты дамып келеді, ол пациент пен дәрігердің арасында байланыс орнатуға жағдай жасайды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

“Бұл қандай да бір таңғажайып технология емес, азаматтардың мүддесін қорғауға бағытталған. Қазіргі таңда халықтың өз денсаулығын бақылауда және жалпы денсаулық сақтау жүйесін қадағалауда техникалық және азаматтық-құқықтық мүмкіндіктері зор. Науқастардың ашуына шағымданбай, соны мойындауымыз керек. Пациенттердің тарапынан агрессия бар екені рас, өйткені өзіміз адамдармен жұмыс істеуді білмейміз”, — деді Біртанов.

Қазақстан депнсаулық сақтау министрлігі тиімсіз шығындарды қысқартып, үнемделген ақшаны медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге жұмсамақ.

Оның айтуынша, министрлік бюджеттен ақша бөлдіріп, оны барлығына үлестіру жолымен жалақыны көтере алмайды, қазір ондай жүйе жұмыс істемейді.

“Егер біз жалақыны 50 процентке көтергіміз келсе, қаржыландыру көлемін едәуір ұлғайтуымыз керек. Өкінішке қарай, ол оңай шаруа емес, онсыз да ел бюджетінің 11 процентін алып отырмыз”, — деп түсіндірді министр Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда жұмыс тобы шығындарды оңтайландырумен айналысып жатыр.

“Тиімсіз шығындардың бәріне тыйым салынып, қысқартылады. Алайда тариф сол күйі сақталады. Үнемделген ақша жалақыға бөлінуі керек. Өз клиникасының, кадрдың құнын білетін басшылар қызметкерлерінің жалақысын жүйелі түрде көтеріп келеді “, — деп атап өтті ол.

Министр көптеген мемлекеттік медициналық ұйымның жалақы төлеу жүйесін мемлекет реттемейтінін айта кетті.

Тағы да оқыңыз:

58 жастағы ОҚО тұрғыны суық күнде суға шомылып шынығып жүр

Құрсақтағы сәби өлі тумау үшін жүкті әйелдер қалай ұйықтау керек

Шымкенттің ауруханасына ес-түзсіз түскен ер адам есін жимастан қайтыс болды

Талқылау