Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау вице-министрі елордалық әйелді тұншығудан аман алып қалды

Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Нұр-Сұлтанда әйелді тұншығудан құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 3 тамызда болған. Марат Шоранов денсаулық сақтау министрлігіне жұмысқа келген. Осы кезде 5-ші кіреберістің баспалдағымен 1969 жылы туған азаматша К. Р. Ахметова көтеріліп келе жатқан. Бір кезде әйел гранитті плитаға басымен құлап, есін жоғалтқан.

"Шоранов әйелді қолына ұстап, оның түсі көгере бастағанын байқаған, асфиксия болған. Медициналық тәжірибесі бар вице-министр бірден оған алғашқы көмек көрсеткен. Сонымен бірге жүргізушіге трахеостомия жасау керек болса, бұрағыш алып келуін айтқан", - деді денсаулық сақтау министрлігінде.

Нәтижесінде әйел өздігінен дем ала бастады, оған жедел жәрдем шақырылып, жалпы хирургия және проктология бөліміне "жедел ішек өтімсіздігі ағымы" диагнозымен ауруханаға түсті.

"Консервативті терапия аясында науқастың жағдайы жақсарды, құсу жоқ, асқазан ісінбеген. Пальпация кезінде ауыртпалықсыз, перитонеальды құбылыстар жоқ, трансверзостома жұмыс істейді. Бүгінгі динамикада құрсақ қуысы мен кеуде қуысының компьютерлік томографиясы жоспарланған. 5 тамызда наркозбен колоноскопия жасау жоспарлануда", - деп хабарлады министрлікте.

Естеріңізге сала кетейік, Марат Шоранов 26 маусымда денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды.

Талқылау