Денсаулық сақтау министрлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Денсаулық сақтау министрлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысының қорытындысында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті. Жиында пандемиямен күресуге бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуы және денсаулық сақтау министрлігіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар жайы талқыланды.
Әлемді жайлаған індетпен күресу үшін тиісті шаралар қолға алынып, бюджеттен ауқымды қаражат бөлінді. Бұл қаражат негізінен науқастарды емдеуге, ел азаматтарын қажетті дәрі-дәрмек, қорғаныш құралдарымен, медициналық құрал-жабықпен қамтуға және дәрігерлердің жалақысына үстемақы қосуға бағытталды.
Пандемияға қарсы қабылданған шаралар індеттің бетін қайтарғанымен, құқық қорғау және тиісті бақылаушы мекемелер бюджеттен бөлінген қаржының кейде тиімсіз пайдаланылғанын анықтады. Атап айтқанда, мұндай жағдай медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу, емхана қызметкерлеріне үстемақы төлеу кезінде лауазымды тұлғалардың тарапынан орын алған.
“Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі денсаулық сақтау министрлігі мен оған қарасты мекемелердегі мемлекеттік сатып алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады. Ал Қаржылық мониторинг агенттігі дәрі-дәрмек пен ұрлықы өнімдерді алып-сату бойынша ауқымды жұмыс жүргізген. Қаржы министрлігі медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу барысында бірқатар заңсыздықтар орын алғанын әшкереледі”, – делінген хабарламада.