Денсаулық сақтау министрлігі қанша адамның қайта вакцина салғызғанын айтты
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қанша адам ревакцинация жасағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгінгі күні ревакцинация жасаған адамдардың саны 9 412 адамды құрады", - деді Шоранов үкімет отырысында.
Вице-министр коронавирусқа қарсы ревакцинация 22 қарашада басталғанын еске салды.
Ревакцинация екі кезеңде өтеді.
Бірінші кезеңде:
- медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің және жабық балалар мекемелерінің персоналы мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері;
- 60 жастан асқан адамдар;
- өз бетінше зерттеуден өткен және антиденелерге теріс нәтижесі бар адамдар.
Екінші кезеңде:
- вакцинацияны екі дозамен аяқтаған адамдар қамтылады.
Сондай-ақ ол Қазақстанға Pfizer вакцинасының 645 мың дозасы келіп түскенін хабарлады. Бүгінгі күні 62 707 жасөспірім және 17 015 жүкті және бала емізетін әйелдерге вакцина салынған.
Айта кетсек, Қазақстанда 3 желтоқсаннан бастап жаңа шектеу шаралары енгізіледі.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған