Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Денсаулық сақтау министрлігі есепке алынбаған 50 ана өлімін анықтады

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов парламент палаталарының бірлескен отырысы кезінде 2015-2017 жылдары аралығында елде ана өлімінің есепке алынбаған 50 жағдайы анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Денсаулық сақтау министрлігі есепке алынбаған 50 ана өлімін анықтады

«2015, 2016 және 2017 жылдары есепке алынбаған 50 ана өлімі фактісі анықталды. Ақпараттық жүйелер арқылы қазір әйелдің туған уақыты мен көз жұмған сәті анық көрінеді. Осы жағдайларға байланысты отандық және шетелдік сарапшылармен бірлесіп зерттеу жүргіздік. Аталған жағдайлар расталып, кейін тіркелді. Сәйкесінше, барлық индикаторды құжаттарымызға қостық», - деді Елжан Біртанов. 

Әрі қарай ол ана мен бала өліміне қатысты нақты статистикалық мәліметтер алу үшін аталған саланы цифрландыру қажеттілігіне тоқталды. Айтуынша, осы кезде ғана дәл бұлай фактілерді жасыра алмайтын болады. 

«Осы нәрсеге қол жеткізетін болсақ, іс жүзінде жасыру қиынға соғады. Себебі, өлім мен босану күндері сәйкес келіп жатса, біз автоматты түрде тергеу жұмыстарын бастап кетеміз. Бұрын жасырып, басқа дианоз жазуға болатын еді», - деді ол. 

Біртанов ана мен бала өліміне себеп болып отырған басты мәселені атады. Ол – өңірлердегі ауруханалар мен емханаларда медициналық жабдықтар мен кадрлардың жетіспеушілігі.

Айтуынша, қазірдің өзінде өңірлерде реаниматологтар тапшылығы - 50%-ті, ал гинекологтар - 30% құрайды. Осы мәселені шешу үшін биылдан бастап мемлекеттік грант бойынша оқыған ЖОО түлектеріне аймақтарға міндетті бөлу және еңбекпен өтеу енгізілді. Қазірдің өзінде түлектердің 72%-і ауылдық жерлердегі ауруханалар мен емханаларға бөлінген.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр