Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі тамағы ауырғандар неліктен ұзақ уақыт бойы жазыла алмай жүргенін түсіндірді

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жөтеліп, суық тигізіп, ауырып жүрген қазақстандықтардың неліктен ұзақ уақыт бойы жазыла алмай жүргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Freepik.com

Үкімет отырысынан кейін өтіп жатқан баспасөз мәслихатында министр халықтың дәрі-дәрмекті бейберекет пайдаланатынын алға тартты. 

"Бұл жерде кешенді мәселелер бар деп ойлаймын. Үлкен мәселенің бірі – вирустардың антибиотиктерге төзімдігі. Бүкіл әлемде осындай мәселе бар. Өкінішке қарай, антибиотиктерді бақылаусыз пайдалану мәселесі бүкіл әлемде өзекті болып тұр. Себебі қазір кішкентай балалардың уруханаға түсіп, тіпті төртінші, бесінші қатардағы антибиотиктермен де емделмей жатқанын көріп отырмыз", – деді министр.

Одан бөлек министр жастардың тамақтану үрдісін де сынға алды. 



"Екінші мәселе – қанша дегенмен, дұрыс тамақтану мәселесі шығар. Қазір, өкінішке қарай, әсіресе жастар жағы сапалы тамақ ішіп жүрген жоқ. Бұл да біздің иммунитетімізді қалыптастырады. Ұзақ уақыт бойы аурудың тағы бір себебі осында болуы да мүмкін. Үшінші мәселе – қаладағы көліктер санының көбеюі. Осыған байланысты аллергиялық риниттер мен синуситтер денсаулыққа әсер етіп жатыр. Сондықтан бұл мәселені кешенді түрде қарау керек", – деп қорытты Ақмарал Әлназарова.

Талқылау