Денсаулық сақтау министрі республикалық бюджеттен тағы 42 миллиард теңге сұрады
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ПТР сынақтарын өткізуге республикалық бюджеттен тағы 42 миллиард теңге сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Цой тестілеудің қуаты 1 тамызға дейін тәулігіне 35,6 мыңға дейін жететінін мәлімдеді. 1 қыркүйекке қарай денсаулық сақтау министрлігі мен ЖАО зертханаларын толық жарақтандыруды ескере отырып - тәулігіне 64 мыңға дейін.
"Сонымен қатар, ПТР-тестілеу бойынша қызметтерді төлеуге республикалық бюджеттен қосымша 42 миллиард теңге бөлу қажет. Зерттеулер жүргізуге тартылған ветеринариялық зертханалардың 67 маманына 170 миллион теңге төленеді", - деп толықтырды Цой.
Оның айтуынша, облыс әкімдеріне автокөлік бөлу және ауылдық аудандардан зерттеу үшін материалдарды жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу керек.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”