Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі Қазақстандағы желтоқсан айында болатын демалыстарға қатысты мәлімдеме жасады

ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарды желтоқсандағы мереке күндері карантиндік шараларды бұзбауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алексей Цой

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, республикадағы одан әрі эпидемиологиялық ахуал әрбір қазақстандықтың карантиндік шараларды сақтауына байланысты болады.

"Ұзақ демалыс күндері, желтоқсан мерекелері жақындағанын ескере отырып, сізді карантиндік шараларды сақтауға шақырамын. Адамдар көп жиналатын орындарға бармаңыз, ұжымдық іс-шаралар өткізбеңіз", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Сонымен қатар, Ажар Ғиният қазіргі таңда ел аумағындағы коронавирустық жағдай туралы айтып берді. 

"27 қарашадағы жағдай бойынша республикамыз орташа қауіпті аймақта тұр. Қауіпті 5 өңірге қатаң шектеу шаралары енгізілген, олар "қызыл аймақта" тұр: Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай, Ақмола облыстары. Өткен аптамен салыстырғанда 3 өңір "сары аймақтан" "қызыл аймаққа" көшті, олар - Павлодар, Қостанай, Ақмола облысы. Алматы қаласы "сары аймақта". Қалған өңірлер "жасыл аймақта", -  дейді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.

Талқылау