Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі ел алдына қашан шығатыны белгілі болды

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ведомство басшысы Алексей Цой қашан жұрт алдына шығатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Мен министрмен күнде кездесіп тұрамын. Ол сіздерден қашып жүрген жоқ.  Министрден бөлек, министрліктің ресми өкілдері, вице-министрлер журналистердің сұрақтарына жауап беруге әрқашан да дайын. 

Алдағы уақытта Алексей Цой 1 қазақ күні брифингке өзі қатысады деп жоспарланды. Бұған дейін министр мырза ел алдына 30 қыркүйек шығады деп айтқан болатынмын. Сөйтсем, ол үкімет, мәжіліс және сенат отырыстарына қатысады екен. Сондықтан министрмен кездесу кейінге шегерілді", - деді Қожахметов. 

Еске салайық, бұған дейін министрліктің ресми өкілі экс-вице-министр Людмила Бюрабекованың кетуі жайлы пікірі білдірген еді. 

Талқылау