AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі: Биыл елімізде бірқатар қауіпті инфекциялар тіркелмеді

2021 жылғы 8 айда елімізде оба, тырысқақ, іш сүзегі, паратиф, туляремия, дифтерия, қызамық, полиомиелит, сіреспе аурулары тіркелген жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәжілістің үкімет сағатында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сонымен қатар биыл қызылшамен сырқаттанушылықтың бар болғаны екі жағдайы тіркелді.

“2020 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, 23 нозология бойынша сырқаттанушылықтың, оның ішінде жіті вирустық гепатиттермен 3 есе, менингококк инфекциясымен 2,6 есеге төмендеуі байқалды. Ағымдағы жылы қызылшамен сырқаттанушылық бірлі-жарым жағдайға дейін төмендеді", – деді Цой.

Ел аумағында аса қауіпті инфекция саналатын оба, туляремия, сібір жарасының, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының, бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызбаның табиғи ошақтары бар. Обаның табиғи ошақтары республика аумағының 39%-ын алып жатыр.

"Соңғы 3 жылда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен сырқаттанушық көрсеткіші бір деңгейде сақталып отыр. Жыл басынан бері аурудың 18 расталған жағдайы тіркелді. Сонымен қатар биыл 6 облыстың тұрғындары арасында сібір жарасының 17 жағдайы тіркелді", – деді Цой.

Бұдан бөлек, ведомство басшысы аталған аурулардың алдын алу үшін жүргізілетін вакцинация шарасы нәтижелі көрсеткіштерге ие екенін атап өтті.

"2021 жылдың 8 айында республика бойынша менингококк инфекциясының 12 жағдайы тіркелді, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,7 есеге төмен. Сол сияқты көкжөтелмен, эпидемиялық паротитпен сырқаттанушылықтың төмендегені байқалады", – деді Алексей Цой.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр