Денсаулық сақтау министрі балаларды вакциналау қалай жүргізілетінін айтты
Денсаулық сақтау министрі Алекцей Цой балаларды вакциналау қалай жүргізілетінін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Балаларды вакциналау әдетте мектептердегі екпе пунктілерінде жүргізіліп келді. Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау да жасөспірімдердің, кәмелетке толмағандардың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің ақпараттық келісімінен кейін білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады. Осы ретте облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдіктері және ақпарат және қоғамдық даму, білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктерімен бірігіп, коронавирусқа қарсы вакциналау мәселесі бойынша балалар мен олардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне, педагогтерге дұрыс ақпарат жеткізу керек”, – деді Цой.
Айта кетсек, бұған дейін министр елімізде қайта вакциналау 22 қараша басталатынын айтқан болатын. Ал келесі жылдан бастап ревакциналау жаппай жүргізіледі.