Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының форумына 100 млн теңге жұмсалған

Астанада дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық комитетінің 73-ші сессиясы өтіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бұл шараның Қазақстанға қандай пайда әкелетінін және оған қанша қаржы жұмсалғаны туралы айтты.

"Қазақстанда алғаш рет Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақ комитетінің сессиясы өтуде. Дәл осындай форум 12 жыл бұрын Әзірбайжанда өткен болатын. Бұл үлкен жиында Еуропалық аймақ елдері жиналып, қазіргі жағдай мен денсаулық сақтау саласының дағдарыстары туралы есеп беріп, алдағы жылдары қандай шаралар қолданылатынын шешеді. Сонымен қатар, олар келесі жылдың қаржысын бекітеді. Осы шара аясында Қазақстан ДДҰ-мен бірлескен жұмыс туралы келісімге қол қояды", – деді министр.

Министр Қазақстанға ұйым тарапынан институционалдық және қаржылық көмек көрсетілетінін айтты.

"Бұл форумға 100 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл шара Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп өткізілуде. Жаңа атап өткенімдей, бұл форумда ірі келісімге қол қойылып, 1 миллион 800 мың доллар елімізге қайтарылады", – деді Ажар Ғиният.

Талқылау