Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денистің өліміне күдікті қыз оқиғадан соң Қапшағайға қыдырып, бейтаныс жігітпен жыныстық қатынасқа түскен

Алматыда өтіп жатқан Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысында қызықты деректер белгілі болды. Бұл туралы Денистің анасы Оксана Тен айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі сот залынан.

Фото: Фото: Tengrinews.kz

Оксана Теннің айтуынша, күдікті Толыбаева ісіне еш өкінбеген. Толыбаева қылмысты айтпағанынан бөлек, дәлелдерден құтылғысы келген.

“Бұның өзіне ауыр қылмыс тағайындалуы керек деп санаймын. Сен қажетті нөмірлер болған симканы лақтырып тастадың. Толыбаеваға тағайындалып отырған жазадан ауыр жаза берілуі керек деп санаймын”, – дейді Денистің анасы.

Оксана Теннің айтуынша, Толыбаева оқиғадан соң достарымен Қапшағай көліне демалуға барып, бірінші кездескен жігітпен жыныстық қатынасқа түседі. Ешкімге ешнәрсе айтпастан көңіл көтеріп жүреді. Бұл оның өткен іске өкінбегенінен хабар береді.

“Сен ешкімге қылмыс жайлы айтпадың. Бұған еш өкінген жоқсың. Қыдырып жүре бердің. Қасыңдағы адамдарыңа ешнәрсе білдірместен көңіл көтердің, қажетті сим-карталарды лақтырып тастадың. Күдіктілердің ешқайсысы ісіне өкінбейді. Менен кешірім де сұраған жоқ. Сондықтан Толыбаеваға да ауыр жаза беруін қалаймын”, – дейді Денистің анасы.

Оқиғадан соң сөмкені ашқанда анасы қара кепканы тауып алыпты. Денистікі деп ойлаған. Сосын ауруханаға келіп сөмкені ашып, иіскегенде Денистікі емес екенін түсінген. Себебі, кепкадан темекінің иісі шыққан. Сосын сол кепканы тергеушілер алып кетті деп таңғалып отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау