Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Теннің жаттықтырушысы дүниеден озды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жаттықтырушысы болған Фрэнк Кэрролл 85 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі People порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото ашық дереккөзден 

Кэрролл өзінің мансабында Денис Тен, Грейси Голд, Тимоти Гебель және басқаларын қоса алғанда, ондаған танымал олимпиадашыларға жаттықтырушы болған.

"Ол көптеген олимпиада және әлем чемпиондарының, сондай-ақ даңқ залының көптеген болашақ мүшелерінің мансабында маңызды рөл атқарды", – делінген АҚШ мәнерлеп сырғанау Федерациясының мәлімдемесінде.

Аты аңызға айналған жаттықтырушы Фрэнк Кэрролл 85 жасында қайтыс болды. 


Талқылау