Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Денис Теннің өліміне күдікті өз кінәсін мойындады
Дарынды спортшы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты күдікті ұсталды, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Ведомствода мәлімдегендей, шұғыл тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде күдіктілердің бірі тұтқындалды.
Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.
Tengrinews.kz мәліметінше, Алматы прокуроры Берік Жүйріктаев Денис Теннің өліміне қатысты күдіктінің есімін атады. Оның аты-жөні Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы. Ол өз кінәсін мойындады.
Ал спортшының өліміне қатысты екінші күдікті іздестіріліп жатыр.
Тергеуге байланысты басқа мәліметтер таратылмай отыр.
Айта кетейік, 19 шілде күні Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді белгісіз біреулер пышақтап кетті. Спортшыны кімнің жарақаттағаны анықталды. Артынша оның қайтыс болғаны ресми түрде хабарланды.
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады
Адвокат мән-жайды айтып берді
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"