Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Денис Теннің ісі: Толыбаеваның адвокаты соттың шетелдік БАҚ-ты ескеріп шешім шығаруы мүмкін екенін айтты
Денис Тен өліміні күдікті Жанар Толыбаеваның адвокаты Амангелді Сариев пікірін айтты. Ол заң бойынша Толыбаеваны босатылуы тиіс деп есептейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі сот залынан.
Жанар Толыбаеваның адвокаты Амангелді Сариев бұл істе қарамағындағы күдікті қыздың босатылуы заңды деп есептейді. Ал, іс шетелдік БАҚ назарында болғандықтан, сны ескере отыра сот үкімі шығуы мүмкін деп санайды.
“Сот төрешісі прокурордан сот бар материалдарға қатысты уәж айтуды сұрады. Прокурор ешқандай жаңалық ашқан жоқ. Тек Құдайбергеновтің сөзіне сынмен қарау керек деді. Бірақ Құдайбергеновтің сөзінен еш күмән көріп тұрған жоқпын. Ал, Толыбаеваның заң бойынша босату керек. Себебі оның қылмысқа қатысы жоқ. Қылмыс жайлы алдын ала білмедім деп отыр. Бұл іс әлем назарында болғандықтан, сот шетелдік БАҚ-ты ескеріп шешім шығаруы мүмкін”, – дейді адвокат.
Оның айтуынша, бір бірімізді танымаймыз деп айтайық деген Құдайбергенов пен Толыбаева әдейі солай келіскен. Толыбаеваның қылмысқа қатысы жоқтығын түсіндіргісі келген.
Айта кетсек, бүгін өтіп жатқан сот жарыс сөзінде мемлекеттік айыптаушы аталған іс бойынша өтіп жатқан Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовты 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал Жанар Толыбаеваға 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрап отыр. Денистің анасы айыпталушыларға ең қатаң жаза беруін сұрады.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
