AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Теннің ісі бойынша сотталған Жанар Толыбаеваға рақымшылық жасалуы мүмкін

Денис Теннің ісі бойынша сотталған Жанар Толыбаева рақымшылық арқылы бостандыққа шығуы мүмкін. Мұндай болжамды құқық қорғаушы Евгений Жовтис айтты. Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай көптеген тұтқындар мерзімінен бұрын босатылады. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде нақты санды әзірге айтпады. Кейбір қазақстандықтар бұл қылмыстың көбеюіне себеп бола ма деп алаңдайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтарына сілтеме жасап. 

Залал келтіруге әкеп соқпаған қылмыс жасаған не оны толық өтеген, азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін сотталушыларға рақымшылық жасалуы мүмкін. Сондай-ақ, заң жобасы қылмыскерлердің бір бөлігінің негізгі жазасының мерзімі мен мөлшерін қысқартуды ұсынады.

Парламент Мәжілісінің депутаттары құжатты қарастыра бастады. Жергілікті атқарушы органдар рақымшылық жасалған тұтқындарға көмектесуі тиіс.

“Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, рақымшылық жасау туралы түпкілікті шешімді сот әрбір сотталушыға қатысты жеке қабылдайды. Заң жобасында босатылғандарды әлеуметтік қолдау да қарастырылған. Мұнда жұмысқа орналасуға көмек, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығына орналастыру енгізілген”, – деді ҚАЖ комитетінің ресми өкілі Ромен Теленков.

Залалды толық өтеген, өзін жақсы ұстаған және мерзімінің соңына дейін бір жылдан аспайтын уақыт қалған адамдар рақымшылыққа иек арта алады.

Жаңа заң жобасына сәйкес, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің ісі бойынша айыпталған Жанар Толыбаева бостандыққа шығуы мүмкін. Ол 2019 жылы қылмыс туралы хабарламағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.Бір жылдан кейін Толыбаева бас бостандығын шектеуге дейін үкімді жеңілдетті. Бірақ осы жылдың сәуірінде сот шешімнің күшін жойып, әйел қайтадан түрмеге қамалды. Жанар колонияда дүниеге бала әкелді.

“Қарапайым себеппен ілініп кетуі мүмкін, оған (Жанар Толыбаеваға – Редактор ескертуі) рақымшылық жасауға еш кедергі жоқ. Рақымшылықтан кейін қылмыс күшейе ме? Жоқ, олай болмайды. Бұл адамдар отырып шықты, олар қайта оралғысы келмейді. Бірақ кепілдік жоқ, сондықтан мемлекет бұл мәселені шешуі керек”, – деді қоғам қайраткері Евгений Жовтис.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына рақымшылық педофилдерге, жемқорларға, кісі өлтірушілерге, экстремистерге және қылмыстық топтардың бұрынғы қатысушыларына қолданылмайды. 30 жыл ішінде Қазақстанда сегіз рақымшылық жасалып, 54 мыңға жуық адам мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр